"Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына өзігерістер енгізу туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 106-911 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 наурызда № 1314 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. «Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы» Aстана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91709 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдедегі «Aстана ақшамы», «Вечерняя Aстана» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
       жоғарыда көрсетілген қаулыда:
       кіріспесінде, барлық мәтіні бойынша және көрсетілген қаулыға қосымшаларда «Aстана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
       3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
       «3. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
       1) байқау кеңестерінің мүшелеріне кандидаттарды конкурстық іріктеуді (бұдан әрі - конкурстар) жүргізуді;
       2) конкурстарды өткізу шарттарын, уақытын және орнын белгілеуді;
       3) конкурстық комиссияны құруды;
       4) осы қаулыны, кейін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.»;
       жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі (1-қосымша) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
       жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы байқау кеңесі туралы ережеде (2-қосымша):
       14-тармақтағы «Aстана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
       2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
       1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
       2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
       3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
       4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
       4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
     Әкім        A. Кульгинов
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 106-911 қаулысына
қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 106-1029 қаулысына
1-қосымша
Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі
      1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       3. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       4. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 4 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       5. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 5 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       6. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 6 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       7. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 7 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       8. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 8 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       9. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 9 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       10. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 10 Қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       11. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       12. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 12 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       13. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 13 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       14. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       15. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 15 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       16. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Достық» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       17. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       18. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       19. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       20. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       21. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       22. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       23. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       24. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       25. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көпсалалы медицина орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       26. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
       27. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады