Ақмола облысы бойынша 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № А-3/114 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 наурызда № 8391 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағындағы 7-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы бойынша 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекiтілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 9 наурыздағы
№ А-3/114 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы бойынша 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Қалалық мектепке дейінгі ұйымдар бойынша айына бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру құны (теңгеде)

болу режимі 10,5 сағаттық топта

болу режимі 9 сағаттық топта

санаторлы топта

түзету үлгісіндегі топта

жарты күн болатын топта

38023 теңге

35166 теңге

56282 теңге

67275 теңге

16384 теңге

Ауылдық мектепке дейінгі ұйымдар бойынша айына бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру құны (теңгеде)

болу режимі 10,5 сағаттық топта

болу режимі 9 сағаттық топта

санаторлы топта

түзету үлгісіндегі топта

жарты күн болатын топта

41549 теңге

38300 теңге

62159 теңге

74621 теңге

17951 теңге

Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңгеде)

3 жасқа дейін

3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін

жарты күн болатын топта

12450,23 теңге

15529,32 теңге

7764,66 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады