Есіл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруорындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № а-12/275 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25960 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасынын 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Есіл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Есіл ауданы әкімінің қадағалау орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі Е.Баяхметов


  Есіл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 22 желтоқсандағы
№ а-12/275 қаулысына
қосымша

Есіл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Алатын алаңы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым

1

Есіл қаласы, Төле би көшесі 11, Рысбек Мырзашев көшесіндегі № 48 үй аумағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

5 шаршы метрден
12 орын

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

2

Есіл қаласы, Абылай хан көшесі, 13 және 15 үйдің арасында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

5 шаршы метрден
5 орын

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады