Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 "Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 қазандағы № 72 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қарашада № 25017 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Облыстық мәслихаттың "Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6330 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

  Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 22 қазандағы № 72 шешіміне қосымша
  Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 шешіміне қосымша

Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі

      1. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      1) әлеуметтік көмек түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      2) әлеуметтік қолдау түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.

      Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

      1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 "Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 тіркелген) бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы сұранысқа ие мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады