Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі Сарыжар ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 мамырда № 8286 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыжар ауылдық округі Сарыжар ауылының келесідей көшелері қайта аталсын:

      "Степная" көшесі "Тұрар Рысқұлов" көшесіне;

      "Тренин" көшесі "Дінмұхамед Қонаев" көшесіне;

      "Комсомол" көшесі "Жұмабек Тәшенев" көшесіне;

      "Теміржол" көшесі "Талғат Бигелдинов" көшесіне;

      "Ойын алаңы" көшесі "Мұстафа Шоқай" көшесіне;

      "Северная" көшесі "Махамбет Өтемісұлы" көшесіне.

      2. "Мәртөк ауданының Сарыжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарыжар ауылдық округінің әкімі С. Жолмаганбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады