2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 280 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 23 шілдеде № 23681 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша 2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бекітілсін.

      2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымша 2021 жылғы 22 шілдедегі № 280

Алматы облысы бойынша 2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша

  мың теңге

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға
қажет етілетін ақшалай қаражат

соның ішінде:

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

элиталық көшеттер

1 523 224,0

426,7

27 851,8

31 586,2

890 699,1

572 660,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады