Ескерту. 01.01.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi - осы шешімінің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 454 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5788 болып тіркелген) бекітілген Талдықорған қаласы, Өтенай және Еркін ауылдық округтерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, Қазақстан Республикасының"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505, 506 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес арттырылсын.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Ахажан |
Мәслихаттың 2021 жылғы 25 қарашадағы № 96 шешіміне 1-қосымша |
Талдықорған қаласы бойынша арттырылған жер салығының мөлшерлемелері
Аймақтың нөмірі | Жер салығының мөлшерлемелерінің жоғарылату (+) пайызы |
I | +50% |
II | +30% |
III | +10% |
IV | - |
V | - |
Талдықорған қалалық мәслихатының 2021 жылғы "25" қарашадағы № 96 шешіміне 2-қосымша |
Өтенай ауылдық округі бойынша арттырылған жер салығының мөлшерлемелері
Аймақтың нөмірі | Жер салығының мөлшерлемелерінің жоғарылату (+) пайызы |
I | +50% |
II | +20% |
III | - |
Талдықорған қалалық мәслихатының 2021 жылғы "25" қарашадағы № 96 шешіміне 3-қосымша |
Аймақтың нөмірі | Жер салығының мөлшерлемелерінің жоғарылату (+) пайызы |
I | +50% |
II | +20% |