Қапшағай қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңа

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2021 жылғы 2 наурыздағы № 3-10 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 17 наурызда № 5897 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қапшағай қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. "Қапшағай қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қапшағай қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихатының "Экономика, бюджет және аграрлық мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қапшағай қалалық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Е. Кашаганов
      Қапшағай қалалық маслихатының
      хатшысы С. Нурсолтанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады