Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 780 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 тамызда № 24110 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е. Білісбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "18" тамыздағы
№ 780 қаулысына қосымша

Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізімі

      1) "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу және "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 101 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 245 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23 болып тіркелген) қаулысы;

      2) "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу және "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 102 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 263 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24 болып тіркелген) қаулысы;

      3) "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу және "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 102 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 381 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 112 болып тіркелген) қаулысы;

      4) "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу және "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 101 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 245 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 382 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 111 болып тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады