Шымкент қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 12/98-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26074 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы № 32/257-5с шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2736 болып тіркелген).

      3. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

  Шымкент қаласы мәслихатының
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 12/98-VII шешіміне қосымша

Шымкент қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады