Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 05.03.2024 № 17-4 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 509 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" Шу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы №29-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3894 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты көлікті, байланысты, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясында жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу ауданының мәслихатының | |
сессия төрағасы | К. Сазаев |
Шу ауданының маслихат | |
хатшысы | Ж. Абенов |