Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамтамасыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының және жергілікті бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 19/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 6314 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының және жергілікті бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Абай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № 36/01 "Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының және жергілікті бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5445 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкісінде 2019 жылы 2 қыркүйегінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі Б. Асанов

  Абай ауданының
әкімдігі
2021 жылғы 15
сәуірдегі
№ 19/01
қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандардың лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің (бөлімшесінің) меңгерушісі, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі кеңесші, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарт адамдар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      Әкімші, сүйемелдеуші, мұрағатшы, археограф, барлық атаулардың әртістері, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бас қор сақтаушысы, дирижер, басшының орынбасары, басшы, бөлімнің, сектордың, филиалдың меңгерушісі, сектор басшысы, дыбыс операторы, дыбыс режиссері, барлық инженер атауларының мамандары, нұсқаушы, инспектор, өнертанушы, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушысы, билеттерді тексеруші, кассир, шебер, әдіскер, механик, музыкалық жетекші, кіші ғылыми қызметкер, музей қараушысы, ғылыми қызметкер, оператор, мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы, редактор, режиссер, бас ғылыми қызметкер, барлық атаулардың техниктері, хореограф, хормейстер, барлық атаулардың суретшілері, көркемдік жетекші, қор сақтаушысы, экскурсия жетекшісі.

      3. Спорт мамандарының лауазымдары:

      Мамандар, оның ішінде: жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-әдіскер, спорт бойынша нұсқаушы-спортшы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады