ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұра ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Нұра ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұра ауданының әкімі | А. Шалмаганбетов |
Нұра ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 38/01 Әкімдігінің қаулысына қосымша |
Нұра ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы | Елді мекеннің атауы | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Нұра | Нұра кенті | 1,85 |
2 | Соналы | Соналы ауылы | 1,25 |
3 | Талдысай | Талдысай ауылы | 1,3 |
4 | Дон | Кұланөтпес ауылы | 1,35 |
5 | Қарақойын | Жанбөбек ауылы | 1,35 |
6 | Қызылтал | Кертінді ауылы | 1,55 |
Алғабас ауылы | 1,55 | ||
7 | Баршын | Баршын ауылы | 1,35 |
Қарақасқа ауылы | 0,85 | ||
8 | Байтуған | Байтуған ауылы | 1,75 |
Жаңақұрылыс ауылы | 1,35 | ||
9 | Индустриальный | Тассуат ауылы | 1,65 |
10 | Ахмет | Ахмет ауылы | 1,75 |
11 | Егінді | Егінді ауылы | 1,55 |
12 | Қорғанжар | Кәрім Мыңбаев ауылы | 1,55 |
13 | Жараспай | Жараспай ауылы | 1,65 |
14 | Тассуат | Қайнар ауылы | 1,65 |
15 | Көбетей | Көбетей ауылы | 1,75 |
Өндіріс ауылы | 1,3 | ||
Первое мая ауылы | 1,25 | ||
16 | Шұбаркөл | Шұбаркөл кенті | 1,35 |
17 | Мұзбел | Мұзбел ауылы | 1,65 |
18 | Кұланөтпес | Кұланөтпес ауылы | 1,2 |
Ақтүбек ауылы | 0,85 | ||
Нығыман ауылы | 1,05 | ||
19 | Заречный | Заречное ауылы | 1,75 |
20 | Ақмешіт | Ақмешіт ауылы | 1,55 |
Қантай ауылы | 1,05 | ||
21 | Кеңжарық | Изенді ауылы | 1,65 |
Топаркөл ауылы | 1,05 | ||
Кеңжарық ауылы | 1,05 | ||
22 | Сарыөзен | Тікенекті ауылы | 1,25 |
23 | Шахтер | Шахтерское ауылы | 1,75 |
24 | Балықтыкөл | Балықтыкөл ауылы | 1,25 |
25 | Қарой | Қарой ауылы | 1,85 |