Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 "Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/19 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 4472 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4009 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді меншігіне сатып алу үшін бастапқы жарнаның сомасынан 50 пайыз, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 "Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді меншігіне сатып алу үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз көлемін, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.".

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Абилов
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады