Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 191 "Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 148 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 4471 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 191 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3579 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (К. Кусайнов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы К. Кусайновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласы әкімі М. Ибагаров

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2021 жылғы 6 сәуірдегі
  № 148 қаулысына 1 қосымша
  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2018 жылғы 4 сәуірдегі
  № 191 қаулысына 1 қосымша

Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1

Жаңаөзен қаласы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқушылар шығармашылық үйі" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының акт залы

2

Жаңаөзен қаласы

"Авто-Көлик" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Ақсарай" қонақ үйінің акт залы

3

Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өнер" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының акт залы

4

Теңге ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 17 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

5

Қызылсай ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

6

Рахат ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 21 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2021 жылғы 6 сәуірдегі
  № 148 қаулысына 2 қосымша
  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2018 жылғы 4 сәуірдегі
  № 191 қаулысына 2 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Жаңаөзен қаласы

"Өркен" шағын ауданындағы № 19 үйдің жанында орнатылған ақпараттық стенд

2

Жаңаөзен қаласы

Сәтпаев көшесіндегі қала әкімдігі ғимаратына қарама-қарсы орнатылған ақпараттық стенд

3

Жаңаөзен қаласы

"Шаңырақ" шағын ауданындағы № 27 үйге қарама-қарсы орнатылған ақпараттық стенд

4

Жаңаөзен қаласы

"Жалын" шағын ауданындағы Мемлекеттік мекемелер ғимаратының жанында орнатылған ақпараттық стенд

5

Жаңаөзен қаласы

"Көктем" шағын ауданы № 22 үйдің жанында орнатылған ақпараттық стенд

6

Теңге ауылы

Теңге ауылы Достық даңғылы бойында орнатылған ақпараттық стенд

7

Қызылсай ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы орнатылған ақпараттық стенд

8

Рахат ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 18 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы орнатылған ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады