Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 188 "Бейнеу ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 312 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қазанда № 24739 болып тіркелді

      Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бейнеу ауданы әкімдігінің "Бейнеу ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы" 2020 жылғы 28 шілдедегі № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4263 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейнеу ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 2 тармағы алып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы алып тасталсын.

      2. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Теміровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Абилов

  Бейнеу ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 5 қазандағы
  № 312
  қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
  2020 жылғы 28 шілдедегі
  № 188 қаулысына
  1 қосымша

Бейнеу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым

Қызмет саласы

Стационарлық емес сауда объектілерінің түрі

1

Бейнеу ауылының Б.Майлин мен Қ. Жылқыбаев көшелерінің қиылысы (Тұрыш ата көшесі № 89 тұрғын үйдің жанынан)

600 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

2

Бейнеу ауылының Д. Тәжіұлы мен Ұлы Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы "Гүлнар" кафесінің алды

200 шаршы метр

5 жыл

"Алтын ана" дүкені

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

3

Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бейнеусусервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимаратына қарама-қарсы

200 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

4

Бейнеу ауылының Б. Майлин мен Сүгір Бегендікұлы көшелерінің қиылысы ("Аманжан" кафесінің жанынан)

240 шаршы метр

5 жыл

"Сәлем" дүкені

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

5

Боранқұл ауылының "Атамекен" шағын базарының солтүстік бетінен 30 метр қашықтықтан

200 шаршы метр

5 жыл

"Айгерім" дүкені

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

6

Сарға ауылының Төлеп Әнетұлы көшесіндегі "Бекзат" дүкенінің алды

48 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

7

Ақжігіт ауылының Егемендік көшесінің бойында орналасқан "Әсем" дүкенінің қарсы бетінен 20 метр қашықтықтан

20 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

8

Ақжігіт ауылындағы теміржол станциясынан 50 метр жерде "Айжан" және "Әсел" дүкендерінің ортасы

20 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

9

Төлеп ауылындағы Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны клубының жанынан 70 метр қашықтықтан

20 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

10

Сыңғырлау ауылындағы Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының клубының алдынан

48 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

11

Тұрыш ауылындағы су резервуарына қарама-қарсы

50 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

12

Сам ауылындағы "Мереке" дүкеніне қарама-қарсы

20 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

13

Тәжен ауылының "Тәжен ата" мешіті мен Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Тәжен" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының арасынан

50 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

14

Есет ауылының № 1 аймақ, №5 тұрғын үйдің жанынан

20 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).

15

Есет ауылындағы Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Есет" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанынан

20 шаршы метр

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімі

автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады