Салық салу объектісінің елді мекендерге орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 32 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 10 ақпанда № 4458 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Түпқараған ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Қазанғапов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі А. Косуаков

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 9 ақпандағы № 32
  қаулысына қосымша

Түпқараған ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендердегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Форт-Шевченко қаласы

2,5

2

Баутин ауылы

1,5

3

Аташ елді мекені

1,4

4

Қызылөзен ауылы

1,4

5

Ақшұқыр ауылы

1,9

6

С. Шапағатов ауылдық округі

2

7

Таушық ауылы

1,9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады