Қостанай облысы бойынша 2021–2022 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 405 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 тамызда № 24124 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы бойынша 2021–2022 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 25 тамыздағы
  № 405 қаулысына
  қосымша

Қостанай облысы бойынша 2021–2022 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Р/с №

Жоғары оқу орнынан білім кейінгі - резидентурада даярлау бағытының коды және атауы

Оқыту нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (күндізгі)

Бір білім алушынының жоғары оқу орындарында оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)

2021 жыл

2022 жыл

1

(6R112600)
Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың

5

1 359 000

4 077 500

2

(6R114400)
Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың

5

1 359 000

4 077 500

3

(6R114300)
Неонатология

5

1 359 000

4 077 500

4

(6R114700)
Сот-медициналық сараптама

5

1 359 000

4 077 500


Барлығы

20




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады