Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 335 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 ақпанда № 9798 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша жер учаскелеріне инженерлік желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметов

  Әкімдіктің
2021 жылғы 24 ақпандағы
№ 335 қаулысына
қосымша

      1. "Тобыл маңы саябағына кіреберіс жолдарды қайта жаңарту", Қостанай қаласында орналасқан, жалпы алаңы 3,5405 гектар;

      2. "Әбілсай–Наримановская көшелерінің шекарасындағы Тобольская көшесін қайта жаңарту", Қостанай қаласында орналасқан, жалпы алаңы 0,5772 гектар;

      3. "Маяковский –Тобольская көшелерінің шекарасындағы Н. С. Фролов көшесін қайта жаңарту", Қостанай қаласында орналасқан, жалпы алаңы 0,7813 гектар;

      4. "Абай даңғылы–Маяковский көшесінің шекарасындағы Н. С. Фролов көшесін қайта жаңарту" Қостанай қаласында орналасқан, жалпы алаңы 0,5851 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады