Алтынсарин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 168 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25734 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алтынсарин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е. Самидосов

  Алтынсарин
  ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 3 желтоқсандағы
  № 168 қаулысына
  қосымша

Алтынсарин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасқан орыны

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілген қызмет саласы

1

Танабай ауылы, Ленин көшесі, № 6 үйге қарама-қарсы

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Зере" дүкені

2

Воробьевское ауылы, Школьный көшесі, № 10 үйге қарама-қарсы

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Эльдорадо" дүкені

3

Докучаевка ауылы, Первомай көшесі, № 1 үйдің оң жағында

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Антоньянцева" дүкені

4

Шоқай ауылы, Школьный көшесі, № 17 үйдің сол жағында

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Жунусова" дүкені

5

І. Омаров атындағы ауылы, Ленин көшесі, № 3 үйдің сол жағында

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Издунис" дүкені

6

Жаңасу ауылы, Лесной көшесі, № 11 үйдің сол жағында

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Нурсултанова" дүкені

7

Свердловка ауылы, Мира көшесі, № 6 үйдің оң жағында

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "У Гули" дүкені

8

Новоалексеевка ауылы, Ленин көшесі, № 46 үйдің сол жағында

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Новый" дүкені

9

Приозерное ауылы, Ленин көшесі, № 25 үйге қарама-қарсы

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Ольга" дүкені

10

Большая Чураковка ауылы, Почтовый көшесі, № 7 үйге қарама-қарсы

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Радуга" дүкені

11

Первомайское ауылы, Луговой көшесі, № 29 үйге қарама-қарсы

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Мирамова" дүкені

12

Щербаково ауылы, М. Хәкімжанова көшесі, № 48 үйге қарама-қарсы

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Медео" дүкені

13

Силантьевка ауылы, Ленин көшесі, № 21 үйдің сол жағында

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Халык" шағын маркеті

14

Зуевка ауылы, Школьный көшесі, № 6 үйдің оң жағында

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Цебер" дүкені

15

Красный Кордон ауылы, Парковая көшесі, № 1Б үйге қарама-қарсы

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Алиден" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады