"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қамысты ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 19 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6865 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысты ауданының әкімі | Г. Бекмухамедов |