Әкімнің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1 "Мақсұт ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 наурызда № 9802 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 бірлескен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әкімнің "Мақсұт ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1 шешіміне (2011 жылғы 10 қарашада "Маяк" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-145 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "Мақсұт ауылының әкімі" сөз тіркесі "Белинский ауылдық округінің әкімі" деп ауыстырылсын.

      2. "Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Н. Кошеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады