Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 9/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 7239 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарна қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" № 379/52 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6410 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының қала құрылысы және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының сессия төрағасы К. Кожин
      Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы С. Калижанова

  Павлодар қалалық
маслихатының
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 9/2 шешіміне
1-қосымша

Павлодар қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

р/с №

Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері

Автотұрақтардың (паркингтердің) мақсаты

Павлодар қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты

1

Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

1 санат

2

Айыппұл автотұрақтар

Автокөлік құралдарын айыппұл автотұрақтарында сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

3

Су көлік құралдарының тұрақтары

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі су көлік құралдарын сақтау

Су көлік тұрақтарын пайдалану және қызмет көрсету үшін

4

Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының көлік құралдарын мен велокөлік парковкалары

Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының автокөлік құралдарын мен велокөлігін сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

5

Тәулік бойы бір орынға бірнеше жүк машиналары тұрақталатын және тәуліктік немесе сағаттық режим қолданатын автотұрақтар (паркингтер)

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк автокөлік құралдарын қысқа мерзімді сақтау

Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін

2 санат

6

Ғимараттардың цокольдық және (немесе) жерасты деңгейлерінде орналасқан және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер), тұрақ орындары

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын ақылы негізде сақтау

Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылысты, имаратты пайдалану және қызмет көрсету үшін

7

Тұрақты бекітілген орындармен күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)

Жыл сайынғы белгіленген төлеммен жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын сақтау

Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

8

Тәулік бойы бір орынға бірнеше жеңіл машина қойылатын және тәуліктік немесе сағаттық тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімді сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

3 санат

  Павлодар қалалық
мәслихатының
2021 жылғы "30" наурыздағы
№ 9/2 шешіміне
2-қосымша

Автотұрақтарға (паркингтерге) үшін бөлінген жерлерге базалық салық
мөлшерлемелерін ұлғайту

Автотұрақтың (паркингтің) санаты

Базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту (есеге)

1 санат

1

2 санат

5

3 санат

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады