Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 224/7 бірлескен қаулысы және Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 41/7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24093 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы бірлескен Железин ауданы әкімдігінің қаулысы мен Железин аудандық мәслихаты шешімінің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 5915 гектар Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.

      2. "Железин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен Железин ауданы әкімдігінің қаулысы мен Железин аудандық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен Железин ауданы әкімдігінің қаулысы мен Железин аудандық мәслихатының шешімін оның ресми жариялағаннан кейін Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен Железин ауданы әкімдігі қаулысының және Железин аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Железин аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Железин ауданы әкімдігіның қаулысы мен Железин аудандық мәслихатының шешімі оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин ауданының әкімі К. Кашкиров
      Железин аудандық мәслихатының хатшысы П. Лампартер

  Железин ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 4 тамыздағы
№ 224/7 мен Железин аудандық
мәслихатының 2021 жылғы
4 тамыздағы № 41/7 бірлескен
қаулысы мен шешіміне қосымша

Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылы жерлерінің экспликациясы

      Гектар

Жалпы алаңы

Ауыл шаруашылық алқаптарының барлығы

Оның ішінде

Басқалар

5915

5352

Егістік

Шабындық

Жайылымдар

563

12

202

5138


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады