Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 қарашадағы "Успен ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" № 318/64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 37/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 28 мамырда № 7300 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабы 1-тармағына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 қарашадағы "Успен ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" № 318/64 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7027 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:

      "Жерлердің орналасу аймақтары" бағанындағы "2" деген сандар алынып тасталсын;

      "Арттыру пайызы" бағанындағы "+40%" белгілері мен сандары алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ж. Каримова
      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Бараисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады