Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 3/421 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 тамызда № 24053 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 1/29 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1265 болып тіркелген);

      2) "Алматы қаласы әкімдігінің "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 1/29 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 11 қазандағы № 4/577 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1592 болып тіркелген).

      2. "Алматы қаласын цифрландыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары І. Е. Өсеровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады