Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 29/154 "Есіл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/27 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 7230 болып тіркелдіы

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 29/154 "Есіл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне (2018 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4755 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 3-тармағында Кодекстің 504-бабы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
сессиясының төрайымы,
мәслихат хатшысы
А. Бектасова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
сессиясының төрайымы,
мәслихат хатшысы
А. Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады