Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің (әрі қарай -Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мəслихатының 19.05.2020 № 50/323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 12.07.2022 № 21/238 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мəслихатының 19.05.2020 № 50/323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Есіл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері Кодекстiң 505, және 506-баптарымен белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызына арттырылсын.
Осы тармақтың ережелері Кодекстің 509 бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 31.03.2021 № 4/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 3 тармақты қоспағанда, алғашқы рет ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының сессия төрағасы |
Қ.Әбілғазин |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының хатшысы |
А.Бектасова |