Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 20/3 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 7275 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 20 наурыздағы № 20/3 шешіміне (2018 жылы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4638 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде және 1-тармағында Кодекстің 504-бабы алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Жамбыл ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Р. Садыков
      Жамбыл ауданы
мәслихатының хатшысы
Л. Топорова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады