Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 5/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 7358 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтістүк Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А. Илюкин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
хатшысы
Ж. Елеусизов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 23 сәуірдегі
  № 5/2 Шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 19 наурыздағы № 25/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4622 болып тіркелді).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 19 наурыздағы № 25/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 25/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4704 болып тіркелді).

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы ауылдық округтарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 мамырдағы № 27/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4748 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады