Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 331 қаулысына (2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5034 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін.
көрсетілген қаулыға қосымшадағы реттік нөмірі 12 жол алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жариялауға жатады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мамлют ауданның әкімі | В. Лукин |