Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/3 "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 4/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 7299 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі-Салық кодексі) Кодексінің 510-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Д. Омарова
      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р. Нурмуканова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады