"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Уәлиханов аудандық мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25 с шешіміне (2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау электрондық түрдегі банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4694 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1.Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
С. Сабырова |
Уәлиханов аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Абдулов |