Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 2 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 4873 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес, Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын жүргізу үшін, Миялы ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0777 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 25 жылға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Миялы ауылдық
округінің әкімі
С. Салыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады