Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 22 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 мамырда № 6183 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 09.06.2021 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 18 наурыз 2021 жылғы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6109 болып тіркелген және 2021 жылы 25 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің 1 тармағына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. "Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Дарбаза ауылдық округінің әкімі Е. Алимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады