Шардара ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 18 наурыздағы № 100 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 19 наурызда № 6114 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 11.04.2022 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шардара ауданы аумағындағы көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Шардара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 54 "Шардара ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 19 ақпанда № 4455 тіркелген, 2018 жылғы 23 ақпанда "Шартарап – Шарайна" газетінде жарияланған және 2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Таженовке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Жолдыбай

  Шардара ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 18 наурыздағы
№ 100 қаулысына қосымша

Шардара ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар

Қала және ауыл округінің атауы

Орналасатын орны

1.

Шардара қаласы

Шардара қаласы, 2-мөлтек ауданы, Н.Оңдасынов көшесі мен Еркөбек көшесінің қиылысы, Оңдасынов көшесінің боймен Шардара-Абай тас жолының бағыты

2.

Шардара қаласы

Шардара қаласы, Өтеғұл елді мекені, Жібек жолы көшесінің бойы, "Шардара" селолық тұтыну кооперативінің бұрынғы көкөніс сақтау қоймасы ғимаратының қарама-қарсы жағы, Шардара-Арыс тас жолының бағыты

3.

Шардара қаласы

Шардара қаласы, № 14 бекет елді мекені, Шардара-Жетісай тас жолы мен Жібек жолы көшесінің қиылысы, Арбақалды көшесінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

4.

Шардара қаласы

Шардара қаласы, Төле би көшесі мен Түгелбаев көшесінің қиылысы, Түгелбаев, Төле би Төлеби көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

5.

Қ.Тұрысбеков ауылдық округі

Шардара ауылы, "Шардара" мешіті ғимаратының жаны, С.Қарабеков көшесінің боймен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

6.

Қоссейіт ауылдық округі

Қонаев көшесі мен Асықата көшесінің қиылысы, Қонаев, Асықата көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

7.

Көксу ауылдық округі

Көксу ауылы, Абай көшесі бұрынғы кеңшар кеңсесінің қарама-қарсы беті, Асылбеков көшесінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

8.

Көксу ауылдық округі

Көксу (Сырдария) ауылы, "Мырзакент" мақта қабылдау пунктінің жаны, К.Ендібаев көшесінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

9.

Ұзыната ауылдық округі

Н.Сапаров көшесі мен Ынтымақ көшесінің қиылысы, Н.Сапаров, Ынтымақ көшесінің боймен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

10.

Алатау батыр ауылдық округі

"Шардара мақта" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта қабылдау пунктінің алды, Тұран, Самал және Жемісті көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

11.

Қызылқұм ауылдық округі

С.Сейфуллин көшесі мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысы, С.Сейфуллин, Ә.Молдағұлова көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

12.

Сүткент ауылдық округі

Ә.Тоқсанбаев көшесі, Мәдениет үйі ғимаратының шығыс жағы, Ә.Тоқсанбаев көшесінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

13.

Ақшеңгелді ауылдық округі

Ақалтын ауылы, Б.Майлин көшесі, "Мырзакент" мақта қабылдау пунктінің шығыс жағы, Б.Майлин, Т.Нұрахметов көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

14.

Ақшеңгелді ауылдық округі

Егізқұм елді мекені, Абылай хан көшесі,"Мырзакент" мақта қабылдау пункті жаны, Абылайхан көшесінің бойымен Ақалтын-Егізқұм тас жолының бағыты

15.

Достық ауылдық округі

Ш.Уәлиханов пен Қазыбек би көшесінің қиылысы, Ш.Уалиханов, Қазыбек би көшелерінің бойымен Шардара-Арыс тас жолының бағыты

16.

Жаушықұм ауылдық округі

Жаушықұм көшесі мен Алтынсарин көшесінің қиылысы, Жаушықұм көшесінің бойымен Шардара-Жаушықұм тас жолының бағыты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады