Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 51/8-VI "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 наурыздағы № 3/7-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 8483 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 510-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 51/8-VI "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6321 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерге Салық кодексінің 506-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      1 аймақ бойынша – 30 % арттырылсын;

      2 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      3 аймақ бойынша – 10 % төмендетілсін;

      4 аймақ бойынша – 30 % төмендетілсін.

      Бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жерлеріне Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      1 аймақ бойынша – 31 % арттырылсын;

      2 аймақ бойынша – 33 % арттырылсын;

      3 аймақ бойынша – 35 % арттырылсын;

      4 аймақ бойынша – 38 % арттырылсын;

      5 аймақ бойынша – 41 % арттырылсын;

      6 аймақ бойынша – 44 % арттырылсын;

      7 аймақ бойынша – 46 % арттырылсын;

      8 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын.".

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрғасы С. Коротин
      Қалалық маслихат хатшысы А. Светаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады