Шаған кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 мамырда № 8763 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарутуралы" Заңының 35 –бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысы негізінде, халықтың пікірін ескере отырып, Шаған кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шаған кентінің келесі көшелер қайта аталсын:

      "Ленина" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;

      "Советская"көшесі "Көктем" көшесі болып;

      "Кирова" көшесі "Болашақ" көшесі болып;

      "Ленинградская" көшесі "Желтоқсан" көшесі болып.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шаған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім И. Попова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады