Курчатов қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 563 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 мамырда № 8786 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар Министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Курчатов қаласының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескере отырып, аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) аталған қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеу;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде аталған қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізінде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдау;

      3) аталған қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыру қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Д. Д. Улмесековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Глазинский

  Курчатов
қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 5 мамырдағы
№ 563 қаулысына қосымша

Курчатов қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті

   №   

    Елді мекен атауы    

   Коэффициенті   

1

Курчатов қаласы

1,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады