Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/4-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 қазанда № 24963 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Сот шешімімен Алтай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы № 23/6-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 болып тіркелген);

      2) "Зырян ауданының мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 23/6-VI "Сот шешімімен Зырян ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 27 қарашадағы № 73/4-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7932 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат
хатшысы
Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады