Екпін ауылдық округінің Екпін ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы және көшені қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 10 ақпанда № 8403 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің Екпін ауылындағы атауы жоқ көшеге "Бадерикамал Солтанғазықызы" атауы берілсін.

      2. Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің Екпін ауылындағы "Квартал №2" көшесі "Қапатай Жанқайыров" көшесі деп қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. КАРАТАЛОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады