Казталов ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 38 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 ақпанда № 6827 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Казталов ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлердің тізімдік санынан ұйымдар үшін үш пайыз мөлшерінде белгіленсін:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін.

      2. Казталов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №82 "Казталов ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6145 тіркелген, 2020 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е.Ескендиров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Мажитоваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі А. Есалиев

  Казталов ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 ақпандағы
№ 38 қаулының 1-қосымшасы

Казталов ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері (%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1.

Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

248

3

7

2.

"Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны"

138

3

4

  Казталов ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 ақпандағы
№ 38 қаулының 2-қосымшасы

Казталов ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері (%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1.

"Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны"

138

3

4

  Казталов ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 ақпандағы
№ 38 қаулының 3-қосымшасы

Казталов ауданы бойынша 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін
айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру
үшін квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері (%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

280

3

8

2.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№2 Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

247

3

7

3.

Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

248

3

7

4.

"Казталов ауданының білім беру бөлімінің А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

119

3

3

5.

"Казталов ауданының білім беру бөлімінің К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

107

3

3

6.

"Казталов ауданының білім беру бөлімінің Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

3

3

7.

"Казталов ауданының білім беру бөлімінің Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

96

3

3

8.

"Казталов ауданының білім беру бөлімінің Казталов мектеп лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

112

3

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады