Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қаңтарда № 26502 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2022 жылғы 14 қаңтардағы
  № 12 бұйрығымен
  бекітілген

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтеріне шарттар жасасу тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан басталатын және 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;

      2) мемлекеттік сатып алу веб-порталы – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;

      3) мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтер шарты (бұдан әрі – шарт) – веб-портал арқылы тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт, оның ішінде қосылу шарты, оның талаптарын Тапсырыс беруші стандартты нысандарда айқындайтын және өнім берушілер ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдауы мүмкін;

      4) мемлекеттік білім беру тапсырысы – кемтар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, орта білім беру, арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау, балаларға қосымша білім беру, кадрлар даярлау, экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет қаржыландыратын көрсетілетін қызметтер көлемі;

      5) мемлекеттік сатып алу веб-порталына қатысушы (бұдан әрі – қатысушы) – мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеуден өткен тапсырыс беруші, өнім беруші;

      6) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – қатысушының лауазымды тұлғасы немесе қатысушының өкілі;

      7) өнім беруші – Өнім беруші - заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум), мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шартында оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкер;

      8) тапсырыс берушілер - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы.

2-тарау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасу тәртібі

      3. Мемлекеттік сатып алу веб-порталда жұмыс істеу үшін пайдаланушылар мынадай іс-әрекеттер жиынтығын жасайды:

      1) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық қамтылымды орнатады;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында электрондық цифрлық қолтаңбаның сертификаттарын (ашық және жабық кілт) алады;

      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелу рәсімдерін өтеді.

      4. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен жеке және заңды тұлғалар үшін шығарылған электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары қолданылады.

      5. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттарды жасасумен және орындаумен байланысты ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді пайдаланушы электрондық құжаттар немесе құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде орналастырады және тиісті пайдаланушының атынан әрекет етуге құқығы бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.

      6. Мемлекеттік сатып алу веб-порталда барлық электрондық құжаттарды және құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жөнелту уақыты "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – Жүйе) уақыты бойынша (Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыты бойынша) тіркеледі.

      7. Жүйеге жүктелетін файлдардың немесе файл архивтерінің мөлшері 20 мегабайттан асқан жағдайда, оларды жүйеге әрқайсысының мөлшері 20 мегабайттан аспайтын бөліктермен жүктеу қажет.

      8. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасу тәртібі мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:

      1) қатысушыларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу (егер олар тіркелмеген жағдайда);

      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген өзге де тұлғаның шешімімен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қаржы жылына шарттар жасасу жоспарын әзірлеу және бекіту және оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;

      3) тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлға бекіткен нысан бойынша шарт жобасын қалыптастыруы. Шарт тапсырыс берушінің бекітілген бюджеті шегінде жасалады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес шарттың қолданылуын ол жасалғанға дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылы басталғаннан ерте емес туындаған қатынастарға таратуға жол беріледі. Шартқа тапсырыс беруші электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы қол қояды және тиісті қаржы жылына арналған шарттарды жасасу жоспарында көзделген мерзімдерде өнім берушіге қол қою үшін жіберіледі

      4) өнім берушінің шартқа қол қоюы, бұл оның шарт талаптарымен келісетінін білдіру нысаны болып табылады. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартқа өзгерістер тапсырыс берушінің бекітілген бюджеті шегінде, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер мен білім алушылар саны өзгерген кезде тараптардың келісімі бойынша енгізіледі. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартты бұзуға Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 402-бабында көзделген тәртіппен жол беріледі;

      5) тараптар шартқа қол қойғаннан кейін көрсеткен қызметтер және тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісін жіберу;

      6) тапсырыс беруші өнім берушіден алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметтер актісіне тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюы не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, қызметтерді қабылдаудан бас тартуы;

      7) егер шарт талаптарында өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушінің актіге қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өнім берушінің банктік шотына ақша аудару арқылы қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеуді жүзеге асыруы;

      8) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім беруші көрсеткен қызметтер үшін жүргізілген төлемді растауы.

      Қағидалардың осы тармағының тәртібі Заңның 62-бабының 4-3-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасуға қолданылмайды.

      9. Заңның 62-бабының 4-3-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасу тәртібі мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:

      1) қатысушыларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу (егер олар тіркелмеген жағдайда);

      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген өзге тұлға бекіткен нысан бойынша тапсырыс беруші мен өнім берушілердің өзара іс-қимылының стандартты талаптарын көздейтін қосылу шартының жобасын мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастыруы. Қосылу шарты тапсырыс берушінің бекітілген бюджеті шегінде жасалады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қосылу шартының қолданылуын оны жасасқанға дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының басынан ерте емес, туындаған қатынастарға таратуға жол беріледі. Шартқа тапсырыс беруші электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы қол қояды және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өнім берушілерге олардың орналастырылған қосылу шартына қосылу мақсаттары үшін тиісті хабарламалар жібереді;

      3) өнім беруші тапсырыс берушіден мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы хабарлама алғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы тиісті өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою арқылы қосылу шартына қосылады. Өнім берушінің өтінішке қол қоюы оның қосылу шартының талаптарымен келісетінін білдіру нысаны болып табылады. Қосылу шартына өзгерістерді тапсырыс беруші оларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру жолымен тапсырыс берушінің бекітілген бюджеті шегінде бір жақты тәртіппен енгізеді. Қосылу шартына қосымша келісімдерге қол қою талап етілмейді;

      4) тараптар шартқа қол қойғаннан кейін көрсеткен қызметтер және тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісін жіберу;

      5) тапсырыс беруші өнім берушіден алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметтер актісіне тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюы не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, қызметтерді қабылдаудан бас тартуы;

      6) егер шарт талаптарында өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушінің актіге қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өнім берушінің банктік шотына ақша аудару арқылы қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеуді жүзеге асыруы;

      7) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім беруші көрсеткен қызметтер үшін жүргізілген төлемді растауы.

      10. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында техникалық және профилактикалық жұмыстар жүргізілген, сондай-ақ оның жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда, күндері техникалық және профилактикалық жұмыстар жүргізілген немесе техникалық іркілістер туындаған күндерге сәйкес келетін мемлекеттік сатып алу веб-порталында шарттар жасасу мерзімдері техникалық және профилактикалық жұмыстарды жүргізу мерзімін, сондай-ақ техникалық іркілістердің туындауын ескере отырып ауыстырылады.

  Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларына
  1-қосымша

      Нысаны

  Бекітілді:
  _________________________
  (тапсырыс беруші актісінің
  атауын көрсету, оның
  нөмірі және берілген күні)

_____ жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу жоспары

      Тапсырыс берушінің атауы ___________ (қазақ тілінде) ________
Тапсырыс берушінің атауы ___________ (орыс тілінде) ________
Тапсырыс берушінің БСН ______________________________________

Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты сатып алынатын қызметтердің атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)

Өлшем бірлігі

Жалпы саны, көлемі

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7








Сатып алудың жоспарланған мерзімі (ай)

Қызмет көрсету мерзімі (қазақ тілінде)

Қызмет көрсету мерзімі (орыс тілінде)

КАТО

Қызмет көрсету орны (қазақ тілінде)

Қызмет көрсету орны (орыс тілінде)

-

8

9

10

11

12

13

-








      Ескертпе:

      "Тапсырыс берушінің БСН" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);

      "Тапсырыс берушінің атауы" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның толық атауы көрсетіледі;

      Кесте бойынша:

      "№" деген жолақта - сатып алынатын қызметтің реттік нөмірі;

      "Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 10 тамызда № 7837 болып тіркелген) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесін ескере отырып, сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)" деген жолақта-сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) көрсетіледі;

      "Өлшем бірлігі" деген жолақта-сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      "Жалпы саны, көлемі" деген жолақта-сатып алынатын қызметтердің жалпы саны немесе көлемі көрсетіледі;

      "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта-теңгеде сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;

      "Жалпы сома (сатып алу үшін бекітілген), теңге" деген жолақта – "жалпы саны, көлемі" деген жолақтың мәнін "бірлік үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;

      "Сатып алудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта-қызметтерді сатып алу жоспарланған ай көрсетіледі;

      "Қызмет көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта-қызмет көрсету мерзімі қазақ тілінде көрсетіледі;

      "Қызмет көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта - тауарды жеткізу, қызмет көрсету мерзімі орыс тілінде көрсетіледі;

      "ӘАОЖ" деген жолақта – "әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;

      "Қызмет көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта-қызмет көрсету орны қазақ тілінде көрсетіледі;

      "Қызмет көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта - қызмет көрсету орны орыс тілінде көрсетіледі. 

  Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларына
   2-қосымша 

      Нысан

Көрсетілген қызметтер актісі 

№_____

20___ж. "___"______

      Құжаттың нөмірі * қол қойылған күні* (тапсырыс берушінің актіге қол қойған күні мен уақыты белгіленеді)

      Осы акт ___________ (Жеткізушінің атауы*) _________ сәйкес ____ (шарттың атауы) _ _ _ _ _ _ жылғы 20 __ жылғы "____" _________ № _____, атынан өкілдерінің өнім беруші орындады, ал _______ (тапсырыс берушінің атауы (*) ______, атынан тапсырыс берушінің өкілі қабылдады:

Көрсетілген қызмет туралы мәліметтер **

Қызмет көрсету орны

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлік бағасы (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС-сыз

Сомасы, теңге


1

2

3

4

5

6

1







...







      Шартқа сәйкес осы АКТ бойынша көрсетілген қызметтердің құны** ___________________________ теңге, оның ішінде ҚҚС / ҚҚС-сыз (санмен, жазумен)

Жеткізушінің Атауы *

ЖСН / БСН *

ЖСК / БСК *

Банк *

Заңды мекен-жайы *

Жеткізушінің өкілдері **

Бекітемін **

Т.А.Ә. лауазымы

Қолы

Т.А.Ә. лауазымы

Қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Шарт бойынша ақпарат


Жалпы ақпарат

1

Шарттың жалпы сомасы *

Аванстық төлемдер сомасы ***

Шарттың әрекет ету басынан бастап төлем сомасы ***

Бұрын актіленген сомалар ***

Қызмет көрсету мерзімін кешіктіргені немесе міндеттемелерді тиісінше орындамағаны (ішінара орындамағаны) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы ***

Мерзімі өткен күндер саны ***

1

2

3

4

5

6







2

Шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама / Кіші бағдарлама / Ерекшелік ***


3

Осы АКТ бойынша нақты көрсетілген қызметтер


Қызметтің атауы *

Қызмет көрсету күні / кезеңі *

Өлшем бірлігі *

Саны *

бірлік үшін бағасы, теңге *

сомасы, теңге *


1

2

3

4

5

6

1














4

Өнім берушіге аударуға талап етілетін сома ***


      Қосымша: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (бар болса Жеткізуші/Тапсырыс беруші бекітеді)

Жеткізушінің Атауы *

ЖСН / БСН *

ЖСК / БСК *

Банк *

Заңды мекен-жайы ***

Тапсырыс берушінің өкілдері ***

Бекітемін (ұйым басшысы) *

Көрсетілетін қызметті қабылдауға жауаптылар

Ресімдеудің дұрыстығына жауаптылар (деректемелер, ерекшелік)

Т.А.Ә. лауазымы

Қолы

Т.А.Ә. лауазымы

Қолы

Т.А.Ә. лауазымы

Қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Ескертпе:

      * Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен автоматты түрде толтырылады;

      ** жеткізуші толтырады;

      *** Тапсырыс беруші толтырады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК-банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК-жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС-қосылған құн салығы;

      Т.а. ә. - тегі, аты және әкесінің аты (бар болса).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады