БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16375 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғалар тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импорттайтын тауарларға жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 438-бабының 2) тармақшасына және 461-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жеке тұлғалар тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан импорттайтын тауарларға жатқызудың мынадай өлшемшарттары бекітілсін:
1) егер осы тармақтың 2) тармақшасында өзгеше көзделмесе, құны күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен еңбек ақының 12 еселенген мөлшерінен асатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу;
2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан жеке тұлғаның атына 1 (бір) жыл ішінде келесідей көлемде:
теріден жасалған бұйымдар, оның ішінде бас киімдер – бір адамға бір атаудағы 1 (бір) заттан артық;
ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;
планшет – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;
стационарлық, тасымалданатын (портативті) компьютер және оған арналған керек-жарақтар – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;
зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 (бес) заттан артық;
велосипед – бір адамға 1 (бір) бірліктен артық;
балалар арбасы – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;
көлік құралдары, оның ішінде құрастырылмаған түрінде – 1 (бір) бірліктен артық.
Өлшемшарттар бұрын қолданыста болған және жол жүруге және (немесе) межелі орында қажетті және:
жол жүруге және (немесе) межелі орында, оның ішінде маусымдылығын, жол жүру мақсатын, көлік түрін ескере отырып пайдалану;
тозу, оның ішінде сызаттар, майысулар, өзге де механикалық зақымданулар, жуу;
жапсырмалардың, заттаңбаларының, этикеткалардың, бастапқы орамдарының болмауы жағдайындағы тауарларға қатысты қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |