Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 1-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 141 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26808 болып тіркелді

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. Осы бірлескен нормативтік қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Есеп комитетінің Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының және бұйрықтың Есеп комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________Е. Жамаубаев
      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
__________Н. Годунова

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ 141 мен
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ 1-НҚ Бірлескен бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 540 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14781 болып тіркелген).

      2. "Мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 540 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 31 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 93 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16432 болып тіркелген).

      3. "Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 540 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 22 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18212 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады