Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № ҚР ДСМ-17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 ақпанда № 26931 болып тіркелді

      "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармағына және 14-бабының 12) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесi бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 23 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-17
бұйрығымен бекітілген

Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесi

      Арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына мынадай аурулары бар (Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жiктемесiне сәйкес 10-қайта қарау) кәмелетке толмағандар орналастырылмайды:

      1. I класс. Бірқатар жұқпалы және паразиттік аурулар:

      1) A15 - А19 Туберкулез (белсендi туберкулездiң кез келген нысаны);

      2) А30 Алапес;

      3) A50 - A53 Мерез (белсендi нысаны);

      4) В20 - B24 Адам иммунитет тапшығы вирусы (АИВ) тудырған ауру.

      2. II класс. Өспелер:

      1) C00 - С97 Кез келген орындағы қатерлi жаңа өспелер, оның iшiнде лимфалық, қан өндiру және оларға ұқсас тiндердiң қатерлi жаңа өспелер;

      2) D 46 Миелодиспластикалық синдромдар;

      3) D 47.1 Созылмалы миелопролиферациялық ауру.

      3. III класс. Қанның, қан өндiру ағзаларының аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар:

      1) D55 - D58 Гемолиздік анемиялар - тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын (ауыр нысаны);

      2) D 59.5 Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавының-Микельдің);

      3) D60 - D61 Апластикалық анемиялар;

      4) D65 - D69 Қанның ұйығыштығының бұзылуы, пурпура және геморрагиялық жағдайлар (ауыр нысандары);

      5) D 76.0 Басқа Айдарларда жіктелмеген Лангерганс жасушаларынан пайда болған гистиоцитоз;

      6) D80-D84 Иммундық механизм қамтылған жеке бұзылулар.

      4. IV класс. Эндокриндiк жүйе аурулары, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы:

      1) E05 Тиреотоксикоз (ауыр нысаны);

      2) Е03, E06 Туа бiткен немесе жүре пайда болған гипотиреоз (ауыр нысаны);

      3) Е10 1 түрі қантты диабетi (асқынған);

      4) E20 Гипопаратиреоз (ауыр нысаны);

      5) Е22 Гипофиздiң гиперфункциясы (ауыр нысаны);

      6) E23 Гипопитуитаризм, церебральды-гипофизарлық ергежейлілiк;

      7) E23.2 Қантсыз диабет (ауыр нысаны);

      8) E24 Иценко-Кушинг синдромы;

      9) Е27 Созылмалы гипокортицизм;

      10) Е53.1 Пиридоксин жеткіліксіздігі;

      11) Е70.0 Классикалық фенилкетонурия;

      12) Е74.0 Гликоген жиналу аурулары (Помпе ауруы (2 типті гликогеноз)

      13) E75.2 Лейкодистрофия;

      14) E76.0 - E 76.2 Мукополисахаридоз;

      15) E84 Жылауықты фиброз (муковисцидоз);

      16) E85.0 Невропатиясыз, отбасылық тұқым қуалайтын амилоидоз (Жерорта теңіздінің отбасылық қызбасы, тұқым қуалайтын амилоидты нефропатия);

      17) Е88.0 Басқа айдарларда жіктелмеген плазма белоктары алмасуының бұзылулары (a-1- антитрипсин жеткіліксіздігі, бис–альбуминемия);

      5. V класс. Психикалық және мінез-құлық бұзылулары:

      1) F01, F02.1-F02.8, F03-F05, F06.0-F06.05, F07.1-F07.9, F09 Симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қоса алғанда, органикалық бұзылулар;

      2) F1x.0-F1x1, F1x.22-24, F1x.5-F1x.9 Психикалық белсендi заттарды қолданумен байланысты психиканың бұзылулары мен мiнез-құлықтың бұзылулары (аурулары);

      3) F20 - F29 Шизофрения, шизотиптiк және сандырақтау бұзылулары;

      4) F30 - F33, F38 - F39 Көңiл-күйдiң аффектiлi бұзылулары;

      5) F40 - F44 Күйзелуге байланысты невротикалық және соматикалық нысанды бұзылулар;

      6) F70.1 - F70.8, F71 - F79 Ақыл-ой кемiстiгi;

      7) F84 Психологиялық дамудың жалпы бұзылулары.

      6. VI класс. Жүйке жүйесiнiң аурулары:

      1) G10 - G13 Негiзiнен орталық жүйке жүйесiн зақымдайтын жүйелiк атрофиялар (ауыр нысандары);

      2) G25.3, G 25.5 Экстрапирамидалық бұзылулар;

      3) G20.6 Таралған тартылулар (Жиль де ля Туретта);

      4) G30-G32 Орталық жүйке жүйесiнiң басқа да керi дамыған аурулары;

      5) G35-G37 Орталық жүйке жүйесiнiң миелинсiздендiру аурулары;

      6) G40.3-G40.9 Эпилепсия;

      7) G41 Эпилепсиялық мәртебе;

      8) G60.0 - G60.3 Тұқым қуалайтын қимылдық және сезiмдiк невропатия;

      9) G63 Басқа айдарларда жiктелетiн аурулар кезiндегi полиневропатия;

      10) G70.0 - G70.2 Таралған нысандағы миастения;

      11) G70 - G71.9 Даму үстiндегi бұлшық ет дистрофиясы;

      12) G80.0- G80.9 Балалардың церебралдық параличі;

      13) G91.1 Окклюздiк, қалпына келмейтiн суми;

      14) G 93.4 Glut 1 тапшылық синдромы (Glut I глюкозасының транспортері тапшылығы синдромы).

      7. VII класс. Көз және оның қосымша аппаратының аурулары:

      1) H40 - H42 Глаукома;

      2) H54.0, Н54.3, Н54.7 Соқырлық;

      3) H54.1 Бір көздiң соқырлығы, екiншi көздiң нашар көруi;

      4) H54.7 Нақтыланбаған көрмей қалу.

      8. VIII класс. Құлақтың және емiзiк тәрiздi өсіндінің аурулары:

      1) H81.0 Вестибулярлық функцияның бұзылуы;

      2) Н90.3 Естудi екі жақты нейросенсорлы жоғалту (ауыр дәрежедегi).

      9. IХ класс. Қан айналымы жүйесiнiң аурулары:

      1) I08.3 Митральды, қолқа және үш қақпақшалы клапандардың үйлескен ревматизмдік) зақымдануы;

      2) I13.2 Жүрек және бүйрек функциясының жеткiлiксiздiгiмен негiзiнен жүрек пен бүйректiң зақымдануы бар гипертониялық ауру;

      3) I 27.0 Өкпелік бастапқы гипертензия;

      4) І42.0-I42.1 Кеңiген гипертрофиялық және обструктивтiк кардиомиопатия;

      5) І44.2 Жүрекше-қарыншалық толық бөгеу;

      6) І47.1 Синкопальды жағдайдағы ұстамалы қарыншаүстi тахикардиясы;

      7) I48, I49.0, I49.5 Жүрекше, қарынша бұлшық еттерiнiң фибрилляциясы мен лүпiлдеуi, синустық түйiншектiң әлсiздiк синдромы (предсинкопальды немесе синкопальды жағдайлар болған жағдайда).

      10. X класс. Тыныс алу мүшелерiнiң аурулары:

      1) J45 Гормондық тәуелдi демiкпе;

      2) J47 Бронхоэктатикалық ауру;

      3) J84.0 Альвеолярлық және парието - альверлярлық бұзылулар;

      4) J84.1 Өкпенің фиброз туралы ескертілген басқа интерстициалдық аурулары;

      5) J84.8 Өкпенің нақтыланбаған интерстициалдық аурулары,

      6) J84.9 Өкпенің анықталмаған интерстициалдық аурулары.

      11. XI класс. Ас қорыту мүшелерiнiң аурулары:

      К74 Бауыр фиброзы мен циррозы.

      12. XIII класс. Сүйек-бұлшық ет жүйесi мен дәнекер тiннің аурулары:

      1) М08 Жасөспiрiмдер (жеткiншектер) артриті (ауыр ағым);

      2) М32 Жүйелiк қызыл жегi;

      3) М33 Дерматополимиозит (ауыр ағым);

      4) M34 Таралған жүйелiк берiш (терiнiң қатаюы), даму үстiндегi нысан;

      5) М30.0 Түйiншектi периартериит;

      6) М30.0 Түйінді полиартерит;

      7) М31.3 Вегенер гранулематозы;

      8) M31.4 Аорта доғасы синдромы (Такаясу);

      9) М31.8 Өлі еттендіруші анықталған басқа васкулопатия;

      10) M35.2 Бехчет ауруы.

      13. XIV класс. Несеп-жыныс жүйесiнiң аурулары:

      1) N03 Созылмалы нефриттiк синдром;

      2) N04 Нефротикалық синдром;

      3) N18 Созылмалы бүйрек функциясының жеткiлiксiздiгi.

      14. XV класс. Жүктілiк, босану және босанғаннан кейiнгi кезең:

      О00-О99.

      15. XVII класс. Туа бiткен ауытқулар (даму кемiстiктерi), қисаю және хромосомдық бұзылу:

      1) Q15.0 Туа бiткен глаукома;

      2) Q20.0, Q20.3, Q20.4, Q21.0-Q21.3, Q22.1, Q22.4-Q22.6, Q23.0-Q23.4, Q24.3-Q24.5, Q25.1-Q25.7, Q26.2, Q26.3, Q27.8 Қан айналымының II-А дәрежелi жеткiлiксiздігімен iлесе жүретiн, оның iшiнде кемiстiктi түзеткеннен кейiн, қан айналымы жүйесiнiң туа бiткен ауытқулары (даму кемiстiктерi);

      3) Q56 Жынысының белгiсiздігі және псендогермафродитизм;

      4) Q78.0 Аяқталмаған остеогенез;

      5) Q 80 Туа біткен ихтиоз (әртүрлі нысандар), CHILD синдромы;

      6) Q 81 Буллалық эпидермолиз.

      16. XVIII класс. Басқа айдарларда жiктелмеген, клиникалық және зертханалық зерттеулер кезiнде анықталған симптомдар, белгiлер мен нормадан ауытқулар:

      R15 Зәрдi ұстай алмауымен (энурез) бiрге нәжiстi ұстай алмау (энкопрез).

      17. ХІХ класс. Жарақаттар, уланулар мен сыртқы себептер әсерлерінің кейбір басқа да салдарлары:

      Т90 - Т98 Науқасқа жеке күтім жасауды талап ететін жарақаттардың, уланулардың және сыртқы себептердің басқа да әсерлерінің салдарлары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады