БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің экспортын лицензиялау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21082 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
3 және 5-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
3 және 5-қосымшалар осы бұйрықтың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" |
"Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) лицензия беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия немесе дәлелді бас тарту хаты. |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері |
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес кестенің 1.8 және 3.1-жолдары: |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі |
1) лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) дәйексіздігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
№ | Біліктілік талаптары | Оларға сәйкес келетінін растайтын құжаттар* | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Балық және басқа су жануарларын иеленудің, аулаудың заңдылығын растау | балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама; | өндірумен айналысатын адамдар экспорттаған жағдайда |
балық және басқа да су жануарларын сатып алуды растайтын шарт, шарт жасасу кезінде қолданылатын, балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама | басқа жеке және заңды тұлғалар экспорттаған жағдайда | ||
аумағында жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, дайындау, жинау, аулау немесе аулау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің органдарына қорытындылар беруге уәкілетті берілген қорытынды (рұқсат беру құжаты) | аумағында дайындау және жинау жүзеге асырылған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан экспортталған жағдайда | ||
2 | Өсімдіктер дүниесі объектілерін дайындаудың, жинаудың немесе алудың заңдылығын растау | Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме | Мемлекеттік орман қоры аумағынан тыс жерде дайындалған немесе жиналған жағдайда |
Орман және (немесе) ағаш кесу билеті | Мемлекеттік орман қоры аумағында дайындалған немесе жиналған жағдайда | ||
Аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің уәкілетті органы қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге берген қорытынды (рұқсат беру құжаты | Аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау және жинау жүзеге асырылған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан жабайы өсетін өсімдіктерді әкеткен жағдайда |
*Ескертпе:
құжаттарды "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы берген кезде құжаттар көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады;
көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда, құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1) лицензия беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні; 2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 1 (бір) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тірі жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия, тірі жабайы жануарлар, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер және жабайы өсетін дәрілік шикізат экспортына қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не дәлелді бас тарту хаты. |
6 | Қазақстан Рес-публикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері |
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес кестенің 1.8 және 3.1-жолдары: |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі |
1) лицензия алу үшін: сыртқы сауда шартының (келісім-шартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың (біржолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісім-шарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) дәйексіздігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, оларға сәйкес келетінін растайтын құжаттар