Кесімді бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 наурызда № 27070 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 24-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кесімді бағаны айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2022 жылғы 9 наурыздағы
  № 21 Бұйрықпен
  бектілген

Кесімді бағаны айқындау қағидасы Тарау 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кесімді бағаны айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 24-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжамды түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансфертті жоспарлау үшін кесімді бағаны айқындау тәртібін белгілейді.

Тарау 2. Кесімді бағаны айқындау тәртібі

      2. Кесімді бағаны есептеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін бекітетін Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірлеу кезінде жыл сайын үш жылдық болжамды кезеңге (бірінші жыл – базалық болжам, келесі екі жыл –индикативтік) жүргізеді.

      Бұл ретте, кесімді баға ретінде мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін болжамды қаражат түсімдері көлемінен шыға отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің ең үлкен ықтимал мөлшерін есептеу үшін уәкілетті орган пайдаланатын мұнайдың әлемдік бағасының есептік көрсеткіші түсініледі. Кесімді баға Бюджет кодексінің 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тиісті жоспарлы кезеңге арналған кепілдендірілген трансферт мөлшерін бекітетін Қазақстан Республикасының заңында белгіленеді.

      Мұнайдың әлемдік бағасы ретінде Дүниежүзілік Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланған тауар нарықтары жөніндегі статистикасының деректеріне сәйкес "Брент" (Brent) маркалы мұнайдың айлық бағасы түсініледі.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан болжамды кезеңге арналған кепілдендірілген трансферттің ең жоғары ықтимал мөлшерін уәкілетті орган мұнайдың бағасы кесімді бағаға тең болған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы бұйрығымен № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген) бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан салықтық түсімдер ретінде есептейді.

      4. Кесімді баға есептеулері мен тиісті жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің ең жоғары ықтимал мөлшерін есептеуді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу шеңберінде келіседі.

      5. 2023 жылы мұнай өндірудегі түзетусіз алынған кесімді баға мынадай формула бойынша есептеледі:




– өндіруде түзетусіз алынған кесімді баға;

– алдыңғы 15 (он бес) жыл (60 (алпыс) тоқсан) ішінде мұнайдың орташа тоқсандық бағаларын іріктеудің өсу тәртібіндегі шамасы бойынша тоғызыншы мәнге сәйкес келетін мұнайдың орташа тоқсандық бағасы;

– алдыңғы 15 (он бес) жыл (60 (алпыс) тоқсан) ішінде мұнайдың орташа тоқсандық бағаларын іріктеудің өсу тәртібіндегі шамасы бойынша оныншы мәнге сәйкес келетін мұнайдың орташа тоқсандық бағасы.

      2024 жылдан бастап мұнай өндірудегі түзетусіз алынған кесімді баға мынадай формула бойынша есептеледі:




– өндіруде түзетусіз алынған кесімді баға;

– алдыңғы 15 (он бес) жыл (60 (алпыс) тоқсан) ішінде мұнайдың орташа тоқсандық бағаларын іріктеудің өсу тәртібіндегі шамасы бойынша 6-шы мәнге сәйкес келетін мұнайдың орташа тоқсандық бағасы;

– алдыңғы 15 (он бес) жыл (60 (алпыс) тоқсан) ішінде мұнайдың орташа тоқсандық бағаларын іріктеудің өсу тәртібімен шамасы бойынша 7-ші мәнге сәйкес келетін марканың мұнайдың орташа тоқсандық бағасы.

      6. Мұнай өндіруге кесімді бағаны түзету мынадай формула бойынша жүргізіледі:




– кесімді баға;

– өндірудегі түзетусіз алынған кесімді баға;

– Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған миллион тоннамен алғанда мұнай өндіру болжамы;

      90,5 – алдыңғы 15 (он бес) жылда ең жоғары өндіру деңгейі болып табылатын, миллион тоннамен алғанда 2019 жылғы мұнай өндіру деңгейіне сәйкес келеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады