БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20393 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.";
12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін), және (немесе) сенімхатты көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.";
мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2 және 14-3-тармақтармен толықтырылсын:
"14-1. Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны және тәсілі туралы хабарлайды.
14-2. Тыңдау туралы хабарлама өтініш тіркелгеннен кейін алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
14-3. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші сот органынан шығатын құжатқа апостиль қою туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.";
19 тармақ алынып тасталсын;
20 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекетті жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімімен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы |
Н. АХМЕТЗАКИРОВ |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Департамент басшысы 2022 жылғы 25 наурыздағы № 12 Бұйрыққа 1-қосымша "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою |
2 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органдары |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері |
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетiлгенi үшiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төленеді. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұма күндері қоса есептелгенде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліс. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген басқа да талаптары |
Тiршiлiк әрекетiн шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығында кінәраты бар қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін олардың Бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8 800 080 7777 жүгінуі арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері қажет болған жағдайда құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Өтініш
Сізден _______________________________________________________
(сот құжатының атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(беру мемлекеті)
беру (көрсету) үшін апостиль қойып, беруіңізді сұраймын.
Осы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) ____________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді қолдануға келісемін.
Осымен менің көрсеткен тұрғылықты жерімнің (орналасқан жерімнің) мекенжайы,
ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екенін және
көрсетілген байланыстарға жіберілген хабарлама (хабарлама) тиісінше және жеткілікті деп
есептелетінін растаймын. Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда )
_____қолы ____
20__жылғы "___"_______
М.О. (заңды тұлғалар үшін)
----------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Құжатты қабылдады ________________________ 20__жылғы "___" ______
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Құжаттарды беру уақыты __________________ 20__ жылғы "___" ______