"Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 сәуірде № 27525 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 26904 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларында:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына және "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.37) тармақшасына сәйкес әзірленді және тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге квоталарды бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) квота – тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қанттың және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатының тіркелген көлемі, ол Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде кедендік әкелу бажын төлеуден босатылады;

      2) тауар:

      ақ қант – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 99 100 кодымен сыныпталатын тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қант;

      құрақ қанты шикізаты – өнеркәсіптік өңдеуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларындағы құрақ қанты шикізаты.

      3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 14 сәуірге дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырылады.

      Бөлінбей қалған ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар көлемі болған жағдайда, уәкілетті орган 2022 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 15 сәуірден 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңге тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар көлемін бөлуге қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады.

      Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) өтінім берушілер арасында бөлінетін квота көлемі;

      2) өтінімдер қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) нысаны;

      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) нысаны.

      Өтінім берушілердің өтінімдер беретін соңғы күні хабарландыру орналастырылған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 104 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағына ақ қантты және құрақ
қанты шикізатын әкелуге
квоталарды бөлу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

      Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім _______________________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)


      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 99 100 кодымен сыныпталатын және тек ______________________________________ арналған (әкелу мақсаты көрсетілсін: ішкі нарықта сату үшін немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіру үшін) _____________ мөлшеріндегі ақ қантты әкелуге квота бөлуді, сондай-ақ әкелінетін ақ қанттың нысаналы мақсатын растауды сұрайды.

      Жеңілдік қолданыла отырып әкелінетін қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін.

Өтінім беруші


Қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды)


Өтінім берушінің орналасқан мекенжайы (заңды мекенжайы)


Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы


Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) күні


Тауар әкелінетін кедендік орган


ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Тауардың атауы


Өлшем бірлігі


Саны


Төлем валютасындағы бірлік бағасы


Төлем валютасындағы сома


Өндіруші


Өндіруші ел


      Өтінімге негізінде ақ қантты әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері қоса беріледі.

      Басшысы ____________________________________ ______________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      2022 жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 104 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағына ақ қантты және құрақ
қанты шикізатын әкелуге
квоталарды бөлу қағидаларына
3-қосымша
 Нысан

      Әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау ______________________________________________________________________сәйкес
(негізінде ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттың (шарттың) деректемелері)


      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________ ___________________________________________________________әкелетін,
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
____________________________________________________________________
___________________________________________________________ тауарлары
(тауардың атауы, саны, келісімшарт (шарт) валютасындағы құны)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________ арналған.
(әкелу мақсаты көрсетілсін: ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер
өндіруге немесе өнеркәсіптік өңдеуге)
Министр _____________ ____________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Мөр орны
2022 жылғы "____" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады